Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды - синоптиктер
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанның алты қаласында 2026 жылғы 27 қыркүйекте ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"27 қыркүйекте Алматы, түнде Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Атырау, Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін Атырау облысында экологияға зиян келтірген компанияға 1,4 млрд теңге айыппұл салынғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript