Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: primeminister.kz
Синоптиктер Қазақстанның үш қаласында 2026 жылғы 25 шілдеде ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"25 шілдеде қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтөбе, Қостанай, түнде Атырау қалаларында күтіледі", делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер сенбіде еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript