Қорғаныс министрі жаңадан тағайындалды

Айдос Мырзахметов , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2026 11:32 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 27 қыркүйекте таңертең Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған. Оның орнын Айдос Мырзахметов басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің тиісті Жарлық мәтінін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады:

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды".

Айдос Мырзахметов — әскери қызметке 20 жылдан астам уақытын арнаған кадрлық офицер. 1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік аяқтаған.

Кейінгі жылдары ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет жүйесінде жедел және командалық даярлық бойынша бірқатар курстан өткен.

Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі офицерлік қызметтің сатыларынан өтіп, командалық және басшылық лауазымдарды атқарған.

2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2025 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

2022 жылы II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған. 2026 жылы мамыр айында оған жоғары әскери шен — генерал-майор әскери атағы берілген болатын.

Үйленген, үш баласы бар.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: