Қорғаныс министрі қызметінен босатылды
Сурет: gov.kz
Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын 2026 жылы 27 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жариялады:
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды".
Айта кетсек, 2025 жылғы 8 маусымда ол президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болды, ал 2026 жылы қыркүйекте аталған лауазымына қайта тағайындалды.
Бұған дейін Дәурен Қосанов Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездескен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript