Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер наградталды

Каспий теңізі, Маңғыстау облысы, оқу-жаттығу жиыны, қайғылы оқиға, әскери қызметшілер, мемлекеттік награда, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2026 11:43 Сурет: gov.kz
Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды:

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  1. Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  2. Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  3. Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  4. Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  5. Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  6. Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  7. Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
  8. Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  9. Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
  10. Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  11. Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
  12. Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  13. Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылған болатын. Бұл лауазымды қызметке генерал-майор Айдос Мырзахметов келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: