Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады: "Қазгидромет" ескерту жасады

Алматы, гостиница Казахстан, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2026 09:05 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Синоптиктер 2026 жылғы 3 қарашада Қазақстанның бірқатар қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 3 қарашада мына қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі:

  • Қарағанды;
  • Жезқазған;
  • Балқаш;
  • Теміртау;
  • Орал;
  • Атырау;
  • Ақтөбе;
  • Шымкент;
  • Түркістан;
  • Талдықорған;
  • Алматы;
  • Астана.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Кей жерлерде ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендеп, қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: