Қазақстанның екі облысында жаңбыр аралас қар жауады: 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның екі облысында жаңбыр аралас қар жауады: 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2026 09:18 Сурет: Telegram/qazavtojol
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі 2026 жылғы 3 қарашаға арналған жол болжамын жариялап, жүргізушілерге маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәліметке сәйкес, сейсенбі күні Қазақстанның екі өңірінде жаңбыр аралас қар және қар жауады деп күтіледі:

  • Шығыс Қазақстан облысында;
  • Абай облысында.

Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жолдың тайғақ болуы мүмкін екені хабарланды.

"Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және күрт маневр жасаудан аулақ болуды ұсынамыз", – деп ескертті ұлттық компания өкілдері.

Сонымен қатар қазақстандықтарға республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болатыны еске салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: