Қазақстанның сегіз өңірінде қар мен жаңбыр жауады: 22 қазанға арналған жол болжамы жарияланды

Қазақстанның сегіз өңірінде қар мен жаңбыр жауады: 22 қазанға арналған жол болжамы жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 09:06 Сурет: Telegram/qazavtojol
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 22 қазанға арналған жолдардағы ауа райы болжамын жариялап, жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, бейсенбі күні еліміздің сегіз облысында қар аралас жаңбыр мен қар жауады:

  • Ақмола облысында;
  • Алматы облысында;
  • Павлодар облысында;
  • Қарағанды облысында;
  • Солтүстік Қазақстан облысында;
  • Шығыс Қазақстан облысында;
  • Абай облысында;
  • Жетісу облысында.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде жолдың көрінуі нашарлап, жол жабыны тайғақ болуы мүмкін", – деп ескертті компания өкілдері.

Осыған байланысты жүргізушілерге:

  • ауа райы жағдайын ескеруге;
  • көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтауға;
  • жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға;
  • шұғыл маневр жасаудан аулақ болуға кеңес берілді.

"ҚазАвтоЖол" өкілдері республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болатынын еске салды.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылғы 22 қазанға дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: