Төрт облыста жаңбыр аралас қар жауады: жүргізушілерге ескерту

Төрт облыста жаңбыр аралас қар жауады: жүргізушілерге ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 09:03 Сурет: Telegram/qazavtojol
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 15 қазанға арналған жолдардағы ауа райы болжамын ұсынды. Қолайсыз ауа райына байланысты компания жүргізушілерге маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, бейсенбі күні мына өңірлерде жаңбыр аралас қар және қар жауады:

  • Алматы облысында;
  • Шығыс Қазақстан облысында;
  • Абай облысында;
  • Жетісу облысында.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде жолдың көрінуі нашарлап, жол жабыны тайғақ болуы мүмкін.

"Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеруді, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және күрт маневр жасамауды ұсынамыз", – деп ескертті "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 15 қазанда Қазақстанда жаңбыр мен қар жауып, қатты жел соғатынын және көктайғақ болатынын хабарлаған еді. Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: