Қар мен көктайғақ: Қазақстандағы жүргізушілерге ескерту жасалды

Закрытая трасса, стоп, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, заносы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 09:44 Фото: Zakon.kz
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі 2026 жылғы 8 қазанда жолдарда күтілетін ауа райы жағдайлары туралы мәлімет беріп, жүргізушілерді сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, бүгін Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр аралас қар мен қар жауады.

Республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде жолдың көрінуі нашарлап, көктайғақ болуы мүмкін.


"Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына сай жылдамдықпен жүруді және күрт маневрлерден аулақ болуды ұсынамыз", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы соңғы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін "1403" нөміріне хабарласып білуге болады.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 8 қазанға дауылды ескерту жариялаған болатын. Болжам бойынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде -2°С-қа дейін үсік жүріп, қар жауады және дауылды жел соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: