Қазақстанның алты өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады: жүргізушілерге ескерту жасалды

Қазақстанның алты өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады: 20 қазанға арналған жол болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2026 09:13 Сурет: Telegram/qazavtojol
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 20 қазанға арналған жол болжамын жариялап, жүргізушілерді қауіпсіз арақашықтықты сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, сейсенбі күні Қазақстанның алты өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады:

  • - Ақмола облысында;
  • - Павлодар облысында;
  • - Қарағанды облысында;
  • - Солтүстік Қазақстан облысында;
  • - Шығыс Қазақстан облысында;
  • - Абай облысында.
"Республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде жолдың көрінуі нашарлап, жол жабыны тайғақ болуы мүмкін", – деп ескертті ұлттық компания.

Осыған байланысты жүргізушілерге:

  • - ауа райы жағдайын ескеруге;
  • - қауіпсіз арақашықтықты сақтауға;
  • - жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға;
  • - шұғыл маневр жасамауға кеңес берілді.

"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болатынын еске салды.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 20 қазанға Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: