"Қазгидромет" Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 20 қазанда Алматы мен Атырауда ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, бүгін осы екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Сондай-ақ "Қазгидромет" еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер ауа температурасы −7°C-қа дейін төмендеп, үсік жүретінін, көктайғақ болып, қатты жел соғатынын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript