"Қазгидромет" жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 16 қазанда Қазақстанның бірқатар қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 16 қазанда Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және Алматы қалаларында, ал түнде Жезқазған, Қостанай және Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Сондай-ақ "Қазгидромет" ел аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер ауа температурасы –6°С-қа дейін төмендеп, үсік жүретінін, көктайғақ болып, қатты жел соғатынын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript