Қазақстанның алты облысында қар жауып, көктайғақ болады
Сурет: Telegram/qazavtojol
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі 2026 жылдың 30 қазанындағы жол болжамын жариялап, жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық компанияның мәліметінше, жұма күні еліміздің бірден алты өңірінде жаңбыр аралас қар және қар жауады деп күтіледі. Атап айтқанда:
- Алматы облысында;
- Қарағанды облысында;
- Павлодар облысында;
- Шығыс Қазақстан облысында;
- Абай облысында;
- Жетісу облысында.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы нашарлап, жолдың тайғақ болуы мүмкін.
"Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жолдың жай-күйіне қарай жылдамдықты таңдауды және күрт маневр жасамауды ұсынамыз", – делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қалың қар, нөсер жаңбыр жауып, ауа температурасы -9 градусқа дейін төмендейтінін ескерткен еді. 2026 жылғы 30 қазандағы ауа райы болжамын мына жерден білуге болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript