Бейнеу тұрғындары лас суды ішуге мәжбүр болып отыр

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары лас су тұтынып отырғанын айтып, таза күйінде қашан берілетінін сұрады деп хабарлайды Zakon.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
"3 күн бойы күткен суымыздың түрі - осы. Бейнеу ауданының суы неге лай? Мына су ішуге жарамды деп ойлайсыздар ма? Күнарадан берілсе де, таза су берілсе екен. Суақысын төлеп отырмыз ғой", - дейді аудан тұрғыны.

Ауданды сумен қамтамасыз етіп отырған "Бейнеу су сервис" мекемесі мамандарының сөзінше, жаз айы басталғалы бері халықтың суға сұранысы көбейген.

"Сондықтан суды күнара беруге көштік. Халыққа су берер кезде 1 күн бойы құбырда жиналған су ластанып кетіп тұр. Негізгі халыққа беріп отырған суымызды сүзгіден өткізіп, лабараториядан сынамаларын алып, таза күйінде жіберіп отырмыз", - дейді "Бейнеу су сервис" мекемесінің басшысы Айбек Сембіғалиев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды