Алматыда есірткі сатушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында Алматы полициясы ойын-сауық мекемесінің аумағында синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігітті ұстаған болатын.

Біздің бөлімшенің жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасақтары іс-шараны түнгі сағат 03:00-де жүргізді. Күдікті ұсталды.

"Бізге белгілі болғандай, 1996 жылы туған Р.есімді азамат түнгі клубқа келушінің атын жамылып, есірткі таратумен айналысқан. Ұсталған кезде, оны тінту барысында құрамында синтетикалық заты бар, ашық түсті, ұнтақ түріндегі байлам табылды. Шөп тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тіркелді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді сол кезде Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы.

Сот үкімімен 28 жастағы Р.есімді азамат ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 6-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі