Сусыз отырған бір күн үшін Павлодар қаласы тұрғындарына ақы есептелмейтін болды

Павлодар қаласының тұрғындары 2024 жылдың 21 маусымына сумен жабдықтау қызметі үшін ақы есептелмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Павлодар Су арнасы" ЖШС-ның хабарлауынша, 21 маусымда Оңтүстік су қабылдағыш мекемесіндегі сорғы жабдығының апаттық жағдайда ажыратылуына байланысты қаладағы су желісіндегі қысым қатты төмендеді.

"Бұл ретте көп қабатты тұрғын үй қорының бірінші-екінші қабаттарына және жеке тұрғын үйлерге су келіп жатты", делінген "Павлодар  Су арнасы" ЖШС хабарламасында.

Сол күні кешке сорғы жабдығындағы ақау жойылды. Сағат 21.00 шамасында сумен жабдықтау жүйесінің құбырларын суға толтыру басталды, ал күннің соңына қарай құбырлардағы қысым толығымен қалпына келтірілді.

"2024 жылғы 21 маусымда сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін тұтынушылар үшін (есепке алу аспаптары жоқ) есептеу жүргізілмейді. Сонымен қатар, маусым айына төлем кешіктіріліп жатса, оған өсімпұл есептелмейді", - деп құлақтандырады құзырлы мекеме қала тұрғындарын.

Айта кетсек, 21 маусымда түстен кейін Павлодардың бір бөлігі уақытша сусыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Бүгінгі таңда қалада сумен жабдықтау қызметі қалпына келтірілген. 

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: