Ережеге сәйкес жаңа 65-тармақ қосылды:
ЖЖОКБҰ-да жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру "Ғылым туралы" заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Шығармашылық демалыс беру, сондай-ақ шығыстарды өтеу немесе өтеу тәртібі мен шарттары ЖЖОКБҰ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 18 мамырынан бастап қолданысқа енгізілген "Ғылым туралы" Заңның 13-бабына енгізілген түзетулермен жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс берудің мынадай шарттары белгіленген.
Халықаралық рецензияланатын баспаларда (журналдарда) ғылыми еңбектерді дайындауды және жариялауды қоса алғанда, ғылыми және ғылыми-педагогикалық сипаттағы жұмыстарды аяқтау мақсатында осы ұйымда кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі болған кезде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдар, уәкілетті орган айқындайтын ұйымның өз қаражаты есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, бір жылға дейінгі мерзімге шығармашылық демалысқа құқығы бар.
Шығармашылық демалыс он жылда бір реттен артық берілмейді. Шығармашылық демалыс аяқталғаннан кейін жетекші ғалым осы ұйымда үш жыл жұмыс істеуге міндетті.
Жетекші ғалым шығармашылық демалыс кезеңінде өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырған жағдайда шығармашылық демалыстың күші жойылады.
Бұйрық 2024 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.