Telegram ауқымды жаңартулар пакетін шығарды

Сурет: pixabay
Telegram мессенджерінің мүмкіндіктері келесі жаңартулар пакетінің шығуымен кеңейе түсті. Әзірлеушілер мини-қосымшалармен жұмыс істеу процесін жақсартты, сонымен қатар мазмұн авторлары мен қосымшаларды жасаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауқымды жаңарту туралы компания блогынан белгілі болды.

Бұл жолы мамандар ақылы фотосуреттер мен бейнежазбалар арқылы мазмұнды монетизациялауға баса назар аударғаны атап өтілді, оларды мессенджердің ішкі валютасы – "жұлдыздар" (Stars) арқылы сатуға болады.

"Авторлар жұлдыздарды toncoin криптовалютасында сыйақы алу үшін немесе өз арналарын жарнамалау және одан да көп жазылушыларды тарту үшін пайдалана алады – барлығы Telegram тарапынан ешқандай комиссиясыз", - делінген хабарламада.

Мессенджердің жаңа мүмкіндіктері туралы мына жерден көре аласыз.

Бұрын хабарланғандай, 2024 жылы "WhatsApp" мессенджері 47 смартфон түрінен жұмысын тоқтатады. Оның ішінде Samsung, Motorola, Huawei, Sony, LG, Apple құрылғылары бар. Толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі