Қызылорда облысында шенеунік ұлының оқу ақысын төлеу үшін заңсыз әрекетке барған

2024 жылы әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркелді, олар бойынша 144 адам әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады. Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, бюджет қаражатын жымқырып және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдікке ілінді. Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 125 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келген.  Күдікті сотқа тартылды.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол ұлының оқуына ақы төлеу қажеттілігі және дизельді отынмен қамтамасыз ету туралы бизнес өкілдеріне заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікті.

Сонымен қатар, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деп күдіктелуде. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс прокурорға жіберілді.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: