Алматы тауларында байкерлерді сабаған шопандарға сот үкімі шықты

Сурет: видео скрині
Қарасай аудандық соты 15 шілде күні Алматы облысының тауларында мотоцикл жүргізушілерін қамшымен сабап, мылтық кезеген бір топ азаматқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Қарасай аудандық сотында топтық бұзақылық (ҚК-нің 293-бабы 3-тармағы бойынша) жасады деген күдікпен айыптаушылар Н., О., А.-ға қатысты Қарасай ауданы полиция басқармасының "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қаралды.

Іс бойынша жәбірленуші сот отырысында қазіргі уақытта күдіктілермен татуласқанын көрсетіп, оларды қоғамнан оқшауламайтын бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған.

"Сот ҚПК-нің 55, 146-148-баптарының нормаларын ескере отырып, "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау үшін негіздердің болмауына байланысты аталған бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартты және "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, - делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін