"Қазгидромет" РМК деректері бойынша Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде күндіз қатты аптап сақталады.
"Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Жамбыл облысының батысында өте ыстық болады", - дейді синоптиктер.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау өңірінің оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе мен ШҚО-ның оңтүстігінде және Абай өңірінің орталығында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Ал Маңғыстау, Атырау облыстарының оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлейтті аудандарында, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
"Циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсеріне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі", деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.
Бұған дейін Қазақстанда қатты жауын-шашын болатыны хабарланған.