Көкпардан Ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындықты күшейткен

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі
Астанада өтетін 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеевтің айтуынша, осы оқу-жаттығу жиыны аясында қыркүйекте өтетін ойындарға қатысатын жылқылар дайындалып жатыр.

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Барлығы 40 жылқының ішінен мықтылары іріктеліп алынады. Оның сөзінше, команда дайындығы қазір жақсы деңгейде. Ұлттық құрамаға Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген командалар мықты қарсылас бола алады.

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

"Екі айдан бері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді дайындалып жатырмыз. Еліміздің намысын абыроймен қорғаймыз деп үміттенеміз. Осындай маңызды спорттық жарыстың елімізде өтіп жатқаны бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бірінші оқу-жаттығу жиынында өзіміздің күш-қайратымызға баса мән берсек, енді жылқыларды дайындап жатырмыз", - деді көкпардан Ұлттық құрама мүшесі Әділет Мамыт.

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық көкпар федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді.

Сонымен қатар, қауымдастық құрамында Бәйге, Жамбы ату, Аударыспақ, Садақ ату, Құсбегілік, Асық ату, Теңге ілу, JORYQ және т.б. федерациялар бар.

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Ал қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды