Күзде жалдамалы пәтер бағасы шарықтайды

Алматы мен Астанадағы пәтер жалдау нарығында белсенді алыпсатарлық пен бағаны көтеру кезеңі басталуға жақын. Бұл үрдіс жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында, жаздың соңғы айында орын алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалдамалы пәтердің құны әдетегідей Алматыдан бастап қымбаттамақ. Бұл таңғаларлық жағдай емес, себебі республиканың ең ірі қаласында бүгінде 186,6 мың студент оқиды. Бұл Шымкент (83,4 мың) пен Астана (74, мың) сияқты басқа екі ірі қалаларға қарағанда едәуір көп.

Бұл ретте Алматыда да, Астанада да жалдамалы тұрғын үйдің бағасы шамамен тең – ауданына байланысты айына 4,6 мың теңгеден 6,1 мың теңгеге дейін.

Тамыз айында бағалар 5% — ға, ал қыркүйекте тағы 5-7% — ға өсуі мүмкін, — дейді жетекші риэлтор Исмаил Жукенов.

"Маусым-шілде айларында бүкіл Қазақстан бойынша тұрғын үйді жалға алу біршама қымбаттай бастады. Жалпы, бағалар осы жылдың мамырымен салыстырғанда 1% — ға өсті". Исмаил Жүкенов

Сарапшының сөзін қазақстандық ірі жылжымайтын мүлік порталының талдау қызметі растайды: жалға берілетін тұрғын үй бағасының оң динамикасы мониторинг жүргізілген 13 қаланың 7-уінде байқалады.

Бағаның ең көп өсуі Ақтауда (+7%), Ақтөбеде (+4%), Астанада, Павлодарда (+3%) болды. Алматыда, Шымкентте, Көкшетауда бағалар 1% — ға өсті.

Риэлтор Жүкеновтың пікірінше, мемлекет студенттік жатақханалардағы орындардың тапшылығы мәселесін түпкілікті шешпейінше, алыпсатарлардың саудасы тоқтамақ емес.

Талдаушылардың мәліметінше, 2023/2024 оқу жылында Қазақстанның жоғары оқу орындарында 313,1 мың басқа қаладан келген студент білім алған. Оның ішінде жатақханаға 134,6 мың адам мұқтаж болған.

Тұрғын үй сатып алуға келетін болсақ, маманның айтуынша, қайталама тұрғын үй бағасы бірте-бірте төмендейді. Бұл ұсыныстардың көптігімен, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың белсенді таралуымен және халықтың қаржысының жетіспеушілігімен байланысты. Орташа алғанда, ҚР-да қайталама тұрғын үй бағасы бір айда 0,2% — ға төмендеді.

Жылжымайтын мүлік порталының мәліметі бойынша, соңғы жарты жылда "қайталама тұрғын үй" Қазақстанның 10 қаласында арзандады:

Сондай-ақ, Қазақстанның қай өңірінде тұрғын үй арзан екендігін мына жерден оқи аласыз.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: