Қазақстандықтардан қаржы пирамидасына криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған 250 млн теңге қайтарылды

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі ТМД кеңістігінде алғашқы болып, қазақстандықтардан қаржы пирамидасына криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған 250 млн теңге шетелден қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстваның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген.

Агенттік заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, 2,5 ай ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан "Eolus" жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды. Еліміздің 12 өңірінде (Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан) 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды.

Елордалық ұйымдастырушы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстың іздерін жасырып, жиналған қаражатты кедергісіз иемдену мақсатында, пирамидыны ұйымдастырушылар салымшылардың түскен барлық қаржылық ағындарды көптеген транзиттік крипто әмияндарды пайдалану арқылы жасырған.

Агенттіктің қызметкерлері заманауи блокчейн-аналитканың құралдардын пайдалана отырып, барлық транзакцияларды анықтап, қылмыстық кірістер ағылған негізгі әмияндарды тапты.

Ұрланған қаражат Агенттіктің арнайы шотына аударылып, одан әрі жәбірленуші азаматтарға келтірілген залалды өтеу үшін пайдаланылатын болады.

ҚМА қылмыстық активтерді қайтару және басқа да алаяқтық жобалар бойынша осы практиканы қолдануды жоспарлап отыр.

Агенттік азаматтарды пассивті кіріс пен артық пайданы уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеуге шақырады.

Компанияның сенімділігін "Baiqa, piramida!" телеграм боты арқылы тексере аласыз.

Сондай-ақ Агенттіктің сайтында қаржылық пирамидалар мен олардың қызметінің белгілері бар жобалар тізімі жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды