Павлодар облысында коммуналдық қызметтер тарифін заңсыз көтеру фактісі анықталды

Сурет: Zakon.kz
"Ақтоғай СУ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мемлекет бөлген субсидияларға қарамастан, сумен жабдықтау қызметтеріне 1 текше метрге 201,75 теңге мөлшерінде артық тарифті негізсіз белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, кәсіпорын төлем мерзімін қысқарттып, оны бұзғаны үшін өсімпұл мөлшерін 2,2%-ға өсірді.

"Алайда, сумен жабдықтау қызметтерін көрсету жөніндегі үлгілік шартқа сәйкес өсімпұл мөлшері әрбір кешіктірілген күн үшін 0,1%-дан аспауы тиіс." Павлодар облысының прокуратурасы

Бұл мән-жайлар 17 кәсіпкерлік субъектісінің және 1381 жеке тұлғаның құқықтарына әсер етті.

Прокуратураның қадағалау актісімен кәсіпорын белгілеген сумен жабдықтау қызметтеріне тариф заңды тұлғалар үшін 190 теңгеге және жеке тұлғалар үшін 150 теңгеге дейін төмендетілді, төлем мерзімдері сәйкестендірілді, өсімпұл мөлшері 0,1%-ға дейін төмендетілді, кәсіпорынға 590 720 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, кәсіпорын директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді