Отандық фермерлер "КИРОВЕЦ" тракторларының 200 бірлігін арнайы бағамен алады

Өткен аптада Санкт-Петербург қаласында ресейлік және қазақстандық өндірушілер, сондай-ақ "ҚазАгроҚаржы" АҚ арасында үшжақты келісімге қол қойылды.

КИРОВЕЦ тракторларының арнайы бағамен сатылуы 2025 жылғы егіс науқаны қарсаңында басталады.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ, Петербург трактор зауыты және Қостанай трактор зауыты арнайы бағамен 200 бірлік машина жиынтығын жеткізу туралы үшжақты келісім жасасты.

Сурет: Қостанай трактор зауытының баспасөз қызметі

"Біз егіс және егін жинау кезеңінде сапалы және сенімді көліктің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, сондықтан біз клиенттерге тиімді шарттар бойынша 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге лизингке айтарлықтай жеңілдікпен тракторлар сатып алуды ұсынуға дайынбыз. Бұл шаруалар үшін келесі егіске алдын ала дайындалудың тамаша мүмкіндігі", — деді "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдос Сейітжанов.

2025 жылғы егіс науқанына дейін фермерлер арнайы бағамен сатып ала алатын екі жүз трактор шығарылады. Бұл ұсыныс тек қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қолданылатын болады.

Сурет: Қостанай трактор зауытының баспасөз қызметі

"Бұл шешім соңғы маусымдағы барлық қиындықтар мен кәсіпорындардағы экономикалық тұрақсыздықты ескере отырып, қазақстандық фермерлерді қолдау мақсатында қабылданды. Климат өзгеруде. Егіс және егін жинау науқандары қажетті мерзімінде орындалуы қиынға түсуде. Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, тракторлар мен комбайндарды қосымша агрегаттарымен жарақтандыру арқылы ғана жұмысты уақытылы жүзеге асыруға болады. Сондықтан келесі егіс науқанына серіктестерімізбен бірлесе отырып, аталмыш ұсынысты әзірледік. Фермер сатып алған трактордың құнынан 10 %-ға дейін пайда көре алады. "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның жыл сайынғы қолдауының арқасында біз осындай жобаларды бірлесіп жүзеге асыра аламыз, бұл біздің басты міндетіміз – шаруаларды қолжетімді әрі сенімді техникамен қамтамасыз етуімізге оң әсерін тигізетіні сөзсіз", – дейді Қостанай трактор зауытының директоры Динара Шүкіжанова.

Айта кетейік, Қостанай трактор зауыты 2019 жылы құрылған Қазақстандағы КИРОВЕЦ энергиямен қаныққан тракторларының ресми өндірушісі болып табылады. Кәсіпорында к-730, К-735, К-739, К-742, К-743, К-746 тракторларының ең сұранысқа ие модельдерінің өндірісі ұйымдастырылған.

Бүгінгі таңда КИРОВЕЦ Қазақстандағы ең көп сатылатын трактор болып табылады, ол әрбір екінші шаруашылықта бар. Жыл сайын зауыт кем дегенде 300 дана трактор шығарады, ал осы маусымда тракторлар WEICHAI қозғалтқышымен жабдықталған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: