Француз полициясы Дуровтың көмекшісі мен оққағарын бостандыққа шығарды

Сурет: Instagram/durov
Париждегі тергеушілер Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың көмекшісі мен оққағарынан жауап алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Le Figaro басылымның ақпаратынша, 39 жастағы француз-ресейлік миллиардер Дуров әрдайым осы екі адамның сүйемелдеуімен болған. Ал, ресейлік журналистер оның серігі 24 жастағы криптокоуч Юлия Вавилова деген қорытындыға келді.

Прокурордың мәліметінше, көмекші мен оққағар жауап алынғаннан кейін босатылды.

Сондай-ақ, прокурорлар Павел Дуровты қамауға алуды 96 сағатқа дейін ұзартуға құқығы бар екенін айтты.

Еске салайық, 24 тамызда Telegram мессенджерінің негізін қалаушы 39 жастағы миллиардер Павел Дуров Париж әуежайында ұсталды. Оған есірткі саудасы, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар және алаяқтық сияқты заңсыз әрекеттерге қатысты күдік келтіріледі.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді