Жаңалықтар тізбегі
0

Францияда Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров қамауға алынды

Павел Дуров, Франция, Telegram-ның негізін қалаушы, қамауға алынды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2024 10:48 Сурет: X/visegrad24
25 тамызда Telegram мессенджерінің негізін қалаушы 39 жастағы миллиардер Павел Дуров Париж әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты алғашқы болып TF1 француз телеарнасы таратты.

Оның Әзірбайжаннан ұшып келген кезінде бірден ұсталғаны айтылады. Ол Францияға жекеменшік ұшағымен ұшып келген.

2021 жылы Дуров Франция азаматтығын алған еді.

Француздық БАҚ оның тұтқындалуын Telegram-да контент модерациясының болмауымен, осыған байланысты кәсіпкердің француз құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуге ықылас танытпауымен байланыстырады.

Миллиардер алдағы күндері Франция азаматы ретінде сотталмақ. Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Өйткені оған тағылған алдын ала айыптаулар арасында мынандай ауыр қылмыстар бар:

  • терроризм;
  • ақшаны жылыстату;
  • есірткі трафигі.

Францияның барлау агенттіктері оның қылмыстық қауымдастықтармен, сондай-ақ санкцияға ілінген адамдар мен компаниялармен байланысты хат-хабарларына қол жеткізуге ниетті. Дуров ұстала салысымен, Telegram-да қолданылатын TON және NOT криптовалюталарының бағамы күрт төмендеп кетті. Мысалы, toncoin криптовалюта бағамы бірден 15%-ке төмендеді. 

Тамыз айында Telegram TON көмегімен Telegram арналарда монетизациялау жүйесін енгізді.

Бүгін РФ СІМ Павел Дуровтың айналасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

ТАСС-тың хабарлауынша, дипломаттар бұл мәселеге қатысты өздеріне ешкім көмекке жүгінбегенін, бірақ соған қарамастан Дуровтың айналасындағы жағдайдайларды нақтылауға тырысып жатқандарын нақтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: