Павел Дуров Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтығын алды – БАҚ

Азаматтық алу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 21:36 Сурет: vk.com/Павел Дуров
Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) азаматтығын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Forbes келтірген дерекке сәйкес, кәсіпкер осыны қоса алғанда төрт елдің азаматы болып саналады. Атап айқанда, Ресей, Франция, Сент-Китс және Невис кариб мемлекеттері және БАӘ.

Жақында Дуров Дубайдың мұрагер ханзадасы Хамдан бин Мохаммед бин Рашид әл-Мактуммен кездесті.

Басылым дерек көзі Дуровтың ресейлік төлқұжатының мерзімі әлдеқашан өтіп кеткенін айтты. Оның айтуынша, Павелдың Ресейге бармай кеткелі сегіз жыл болған, онда қандай да бір активтері де жоқ көрінеді.

Павел Дуров 2017 жылы Telegram штаб-пәтерін Дубайдағы Media City еркін экономикалық аймағындағы кешеннің бірінің 23-ші қабатынан ашқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: