Алматыда 100 пайыз жарықтандыру қашан болатынын Ерболат Досаев айтып берді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы сыртқы жарықтандыру үлесі 2024 жылы 85%-ға дейін жеткізіліп, 2025 жылы 100%-ға жетеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарының сұрағына жауап беру кезінде айтты.
"Әр аудан бойынша жарықтандырылмаған көше бар. Бізде сол көшелерді жарықтандыруға арналған бағдарлама бар. Бостандық ауданында мұндай 54 көше бар. Бұл мәселе "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы немесе тікелей қаржыландыру арқылы шешіледі. Сонымен қатар, "Алматы қала жарық" қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Тұрғындардың өтініші ескерілді. Көшелер мен аулаларды жарықтандыруға бөлінген қаражат аудандарға бөлінді, — деп қала әкімі жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын, бірақ әлі де жетілдіру қажет екенін атады.

Ерболат Досаевтың айтуынша, сыртқы жарықтандыру мәселесімен қоса, саябақтарды жарықтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жарықтандыру жайы да шешіліп келеді.

Бостандық ауданында биыл жыл басынан бері 1 846 шам ауыстырылған. Биыл күзде тағы 267 тірек пен шам ауыстырылды. Осы күзде шамдары бар тағы 267 тірек орнатылады. Сонымен қатар, 2024 жылдың соңына дейін 9 ескерткішке түнгі жарықтандыру орнату жоспарланған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін