Марапаттар тізімі: Мұнайшыларды не үшін мақтады

2024 жылдың тамызы мұнайшылардың көптеген марапаттары мен еңбектерін мойындауымен есте қалды.

Мәселен, Теңізшевройл (ТШО) қызметкерлеріне алдымен облыс әкімі Серік Шәпкенов су тасқыны кезінде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Кейін, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) ТШО-ны өзінің салық міндеттемелерін мінсіз орындағаны мен ел экономикасына қосқан елеулі үлесі үшін "Ірі салық төлеуші" номинациясы бойынша үздік деп таныды. Ал ай ТШО бас директоры Кевин Лайон мырзаға халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы елеулі еңбегі үшін, сондай-ақ қоғамдағы өзара келісімді сақтау жөніндегі жемісті қызметі үшін II дәрежелі "Достық" орденін тапсырумен аяқталды. Мұндай жомарт алғыс пен марапаттардың артында нақты не жатыр?

Су тасқыны кезінде көмек

ТШО Атырау облысында алғашқылардың бірі болып көмекке қол ұшын созып, облыстың қажеттіліктері үшін 2 млрд теңге бөлді. Жалпы алғанда, су тасқыны қаупінен қорғануға арналған жұмыстарға Құлсары қаласына 100-ге жуық арнайы техника жіберіліп, жұмысшылар үшін тамақ ұйымдастырылды, екі ай бойы ауданға 550 мың литрден астам жанар-жағармай тегін берілді. 6 сәуірге қараған түні ТШО өз автобустарымен Жылыой ауданының 7000-нан астам тұрғынын Теңіз кен орнындағы мердігер компаниялардың вахталық кенттеріне көшірді. Эвакуацияланған халық Теңізде маусым айына дейін тұрып, үйлеріне аман-есен оралды. Сонымен қатар, халық арасында Қара өзен деп аталатын Сары өзек өзенінің бойында ұзындығы 15 шақырымнан асатын бөгет салынды. Құрылысқа 100-ге жуық қызметкерлер және 60-тан астам түрлі техника тартылды. Биіктігі 3 метр болатын инженерлік құрылым қаланы үлкен судан қорғауға көмектесті.

Сурет: Теңізшевройл

"Орын алған жағдайдың күрделілігін түсіне отырып, біздің ұйымшыл халқымыз патриотизмнің үлгісін көрсетті, су тасқынынан туындаған қауіптің алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Біз "Күшіміз бірлікте!" деген ұранның бос сөз емес екенін іспен дәлелдедік. Су тасқынына қарсы күрес Атырау тарихында қалады. Біздің азаматтарымыздың ерлігі әркімнің есінде қалады", — деп атап өтті Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов.

ТШО-дан түскен мемлекет кірістері

ҚР МКК атап өткендей, 2023 жылдың қорытындысы бойынша әр түрлі санаттар бойынша еліміздің барлық өңірлерінен 2 000 000-нан астам кәсіпкер қаралды. Оның ішінде "Ірі салық төлеуші" номинациясы бойынша ТШО үздік деп танылды.

Сурет: Теңізшевройл

Компания 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасына 196 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде тікелей қаржылық төлемдерді жүзеге асырғаны белгілі. Тек 2023 жылы ғана мемлекеттің бюджетіне ТШО-дан шамамен 14 миллиард АҚШ доллар сомасында кіріс келді. Алайда, МКК комиссиясы үздіктерді іріктеу кезінде енгізілген салықтардың сомасына ғана емес, сонымен қатар төлемдер тәртібіне, фискалдық мониторинг бойынша ескертулердің болмауына, сондай-ақ әлеуметтік жобаларға және азаматтар үшін жұмыс орындарын құруға басты назар аударды. Мәселен, ТШО 2023 жылы 300 және 350 орындық екі мектептің, орталық аудандық аурухана ғимаратының құрылысын, сондай-ақ Атырау облысында білім беру мен денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың 21 жобасын қаржыландыруды қамтитын әлеуметтік жобаларға 30 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бөлді.

Сурет: Теңізшевройл

Үздіксіз және қауіпсіз өндіріс

Тамыз айы бойы "Кешенді технологиялық желілер" (КТЖ) зауытының екі технологиялық желісінде Теңіз мұнай-газ кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен 7000-нан астам қазақстандықтар зауыт жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін жабдықтарды жақсарту және жөндеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізді. Бұған дейін, биыл мамыр айында шикі газ айдау зауытында осындай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал, сәуір айында ТШО командасы Теңіз мұнай кен орнының Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасында нысандарды қауіпсіз пайдалануға кірісті. Алғашқы өлшеу қондырғысын төмен қысымға ауыстырып, сондай-ақ онымен байланысты қысымды арттыру жүйесін (ҚАЖ) пайдалануға берді.

Сурет: Теңізшевройл

Осы маңызды жетістіктердің барлығы ТШО-ға Қазақстан Республикасының экономикалық прогресіне елеулі үлес қосуды жалғастыруға, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтар мен өз акционерлеріне пайда әкелуге мүмкіндік береді.

"Каспий құбыр желісі консорциумы жобасын іске асыру – мемлекет пен инвесторлар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. Қазақстан бұл салада ашық және жан-жақты ойластырылған саясат жүргізу арқылы жаһандық экономикаға дендеп еніп, үлкен көлемде инвестиция тартып жатыр", – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мұнай-газ өнеркәсібінің 125 жылдығына арналған салтанатты жиналыста.

ТШО бас директоры Кевин Лайон Президенттің қолынан II дәрежелі "Достық" орденін алды.

ТШО жаңа әлемдік технологияларды енгізу мен энергияға әлемдік сұранысты қанағаттандырудың инновациялық тәсілдерін табуды жалғастыруда. Ал, Келешек кеңею жобасы Теңіз активтерін пайдалану мерзімін ұзартуға бағытталған. Бұл мұнай өндіруді ұлғайту және Қазақстанның пайдасына қосымша тікелей қаржылық төлемдер есебінен Қазақстанға пайда әкеледі. Бүгінгі күннің өзінде Теңізшевройл әсерлі нәтижелер көрсетіп отыр: 2010-2021 жылдардағы тәуелсіз зерттеуге сәйкес, ТШО-ның өндірістік қызметі жыл сайын елдің ЖІӨ-нің шамамен 11% қамтамасыз етті.

Сурет: Теңізшевройл

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: