Алматы облысындағы шаруа қожалықтарының бірінен есірткі плантациясы табылды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысы Балқаш ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен есірткі плантациясы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 қыркүйекте Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері ҚР ІІМ ОАӘТБ қызметкерлерімен бірлесіп, Балқаш ауданының шаруа қожалықтарының бірінің аумағында есірткі плантациясын анықтады.

50 жастағы күдікті Іле өзенінің маңында есірткі өсімдіктерін өсіріп, тиісті күтім ұйымдастырған. Үйді және оның айналасын тінту кезінде екі тегіс ұңғылы мылтық, оларға 58 патрон және кептірілген марихуана табылды. Құрамында есірткі бар өсімдіктердің 194 бұтасы тамырымен бірге топырақтан шығарылып, заттай дәлел ретінде алынды.

Жүргізілген сараптама тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 3 тонна 540 келі болатын каннабис екенін растады. Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда