Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады

Синоптиктер ертең, 27 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысында басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қәуіпі күтіледі. 

Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. 27-30 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: