Қазір мысықтұқымдас жануарлар Алматы облысындағы 415 мың гектар жерді қамтитын "Іле-Балқаш" резерватында жүр.
Зоологтың айтуынша, "Тұран" жолбарысы популяциясын қайтаруға мүмкіндік мол. Ол үшін барлық жағдай жасалған, деп жазады qazaqstan.tv.
Жануарды көбейтуге халықаралық жолбарыстарды қорғау қауымдастығы да баса назар аударып отыр.
Маманның дерегінше, Бақанас тұрғындары жолбарыстың іздерін соңғы рет 1951 жылы көрген.
Ал жануардың жойылуына жергілікті тұрғындар мен браконьерлер себеп болды, дейді.
Бірінші дерек — жолбарыстардың азығын тартып алса, екінші факт — жануарларды сатып жіберу.
"Қауіпсіздік мәселесі үнемі көтеріліп жүрген тақырып. Әрине, бұл жерге жақын жерде ешқандай ауыл жоқ. Тұрғындар резерваттан тыс жерде қоныстанған. Қазір жолбарыстар жүрген аумаққа ешкім бара алмайды. Мамандар қауіпсіздікті қатаң бақылап отыр. Ал жануарларды көбейту мәселесіне келер болсақ, нақты болжам айту қиын. Әуелі жолбарыстар тоғайға бейімделіп, жерсінуі керек. Әлі оларды табиғатқа босатқан жоқ. Бейімделуге шамамен бір жыл кетуі мүмкін. Оған жолбарыстардың қай елден әкелінгені, жасы да әсер етеді." Константин Плахов, ҚР ҒЖБМ "Зоология институты" биоценология және аңшылықтану зертханасының меңгерушісі