Синоптиктер бірқатар өңірде күн күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауатынын ескертеді
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың солтүстігі мен солтүстік-батысында ғана жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтіледі, республикамыздың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады, оңтүстік-шығыс өңірдегі таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады... Қазақстан бойынша тән ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі", деп болжанады.
Синоптиктер болжамынша, Қарағанды, Абай облыстарында, Ақтөбе өңірінің солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда өңірінің солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Маңғыстау облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс-Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары болады.
"Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытаау, Қостанай өңірлерінің оңтүстік-батысында , Қарағанды облысының батысында, шығысында, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады", деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.
Бұған дейін 2024 жылдың 3 қазан мен 5 қазан аралығында Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынды ауа райы күтілетіні, ал солтүстік және шығыс өңірлерде сынап бағаны 8 градус суықты көрсететіні, үсік жүретіні болжанған.