Автокөлік салонынан бағалы заттарды ұрлаумен айналысқан ақтөбелік тұрғын қолға түсті

Сурет: pexels
34 жастағы ақтөбелік сауда үйлерінің жанында автотұрақтардағы автокөліктерден ұрлық жасаумен айналысқан. Ер адам автокөлік салонындағы барсеткалар, сөмкелер және құнды заттарды ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте ол сканерлеу құрылғысын пайдаланып, көліктердің дабылын өшіріп отырған.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында аталған күдіктіні Ақтөбе қаласында көшедегі автотұрақта тұрған көліктен 1 млн теңгеден астам ақшаны ұрлаған кезде “ізін суытпай” ұстады.

Ұсталған адам осындай жолмен алты ұрлық жасағанын мойындады, жалпы шығын көлемі үш миллион теңгеден асады.

Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді