Боксшы Назым Қызайбай қазақстандықтарға үндеу жасады

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әйелдер боксы бойынша Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беріп, АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атақты спортшы өзінің азаматтық парызын алғашқылардың бірі болып орындап, азаматтарды референдумда дауыс беруге шақырды.

"Мен дауыс бердім және әркім өз таңдауын жеке сенімдеріне қарай жасауы керек деп санаймын. Әрбір дауыс маңызды, біздің отандастарымыз бұл мәселеде белсенді болатынына сенімдімін", - деді Назым Қызайбай. 

Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауысын бере алады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін