Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов референдумда өз дауысын берді

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда тағы бір атақты спортшы – спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беруге қатысты.

Атақты спортшы өзінің үлгісімен ел үшін осы мәнді оқиғаға қатысудың маңыздылығын көрсеткісі келетінін атап өтті. 

"Өз дауысыңды беру-әркімнің азаматтық борышы, мен міндет деп айтар едім. Әркімнің өз таңдауы бар және оны жасау керек. Қазақстандықтар бұл мәселеде жауапкершілікті көрсететініне сенімдімін", - деді Нариман Құрбанов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әйелдер боксы бойынша Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай мен белгілі боксшы Ермахан Ибраимов дауыс берген болатын. Қалада барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар сағат 20.00-ге дейін ашық болады. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды