Елімізде жыл сайын ағаш отырғызу көрсеткіші төмендеп барады

Елімізде ағаш отырғызу көрсеткіші жылдан жылға төмендеп барады. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы тиісті деңгейде орындалмай жатқанын көрсетеді деді Премьер-Министр.

Президент 2 млрд түп көшет отырғызуды тапсырған. Осылайша еліміздің орман алқаптары 14,5 млн гектарға ұлғаюы тиіс еді.

Алайда, жалған статистика ұсынып, көзбояушылықпен айналысып отырғандар көбейген. Оның үстіне отырғызылған көшеттерді ары қарай күтіп-баптаумен де айналысып жатқандар жоқ.

Олжас Бектенов әкімдерге қатаң ескерту жасады.

"2021 жылдан бері қарай елімізде шамамен 970 млн түп қана көшет отығызылған, мұның өзінде олардың жерсініп кетуі есептеліп жатқан жоқ. Жағдайды түзеу керек. Әкімдіктердің санда бар, санатта жоқ ағаштар туралы күмәнді ақпарат беру фактілері кездеседі. Мұндай көзбояушылықтардың жолын кесіп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту керек." Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі

Бар орманды сақтап қалу да маңызды мәселе. Былтыр бұл мақсатқа бюджеттен 16 млрд теңге бөлінген. Ал биыл қаржы көлемі 3 есе артып, 52 млрд теңге қарастырылып отыр.

Экология министрінің айтуынша, бұл шаралар еліміздегі өрт жиі болатын өңірлердегі орманды қорғау мекемелерін 100%-ға дейін жарақтандыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: