Тоқаев экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға ризашылық білдірді

Сурет: news.un.org
Президент экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға Парламенттің жоғары палатасындағы белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Президент оның тәжірибесі мен білімі еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі дамытуға үлес қоса беретініне сенімді екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 қазанда сенатор Ләззат Қалтаеваның өкілетін тоқтатқан еді.

Ләззат Қалтаева 1965 жылы 4 ақпанда дүниеге келген.

2001 жылы "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығын басқарды.

2006 жылдан бері Алматы мүгедектер ұйымдары қауымдастығының төрағасы. Сол жылы Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды.

2016 жылы Алматы мәслихатының депутаты болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды