Ақтау тұрғыны жедел жәрдемге "пранк" жасап, 80 мың теңге айыппұл арқалады

Фото: primeminister.kz
2024 жылдың 14 қазанында Ақтау тұрғыны жедел жәрдемге себепсіз қоңырау шалған. Енді ол арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін 80 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, тұрғын арнайы қызметке "көп көлемде дәрі-дәрмек" қабылдағанын айтып қоңырау шалған. Алайда жедел жәрдем бригадасы шақыртуға барғанда, ер адам мұның "пранк" екенін айтқан.

"Осыған байланысты, шақырту жалған қоңырау есебінде тіркеліп, Ақтау қаласының тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 438-бап. бойынша Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақырту бойынша 80000 теңге көлемінде айыппұл салынды".Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы

Бұған дейін Ақтөбелік өрт сөндірушілердің жалынға оранған үй ішінен газ баллондарын шығарып, жарылыстың алдын алғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін