Доллар тағы үш теңгеге арзандады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 21 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,93 теңгеге төмендеп, 481,68 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 67,82 теңгені (-0,34) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 482,9-485,9 теңгеге, еуро 523,5-528 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 21 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,99%-ға өсіп, барреліне $73,78 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 1,18%-ға өсіп, барреліне 69,50 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 485,04 теңге, еуроны 525,98 теңге, рубльді 5,04 теңге деп белгіледі.

21 қазанда күннің бірінші жартысында қазақстандық айырбастаушылардың шетел валютасын қандай бағамен сатып алғанын/сатқанын мына жерден көре аласыз.

18 қазан, жұма күні аукционда доллар бағамы 2,09 теңгеге төмендеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді