Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы есірткіні заңсыз насихаттауды анықтады

Фото: Zakon.kz
Нәтижесінде есірткіні тікелей жарнамалайтын 3 чат бұғатталып, кінәлілер анықталуда.

ҚР Президенті мен Бас Прокурорының тапсырмаларын орындау аясында БҚО прокуратурасының қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында белгісіз тұлғаның облыс аумағында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды жарнамалау және сату бойынша үгіт-насихат мақсатында жасаған телеграм-арналарын анықтады.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды анықтау мақсатында облыстық прокуратураның қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады.

Нәтижесінде есірткіні тікелей жарнамалайтын 3 чат бұғатталып, кінәлілер анықталуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Біз облыс тұрғындарын есірткіге қарсы күресте бірігуге шақырамыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды