ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері жол апатынан зардап шеккен қызға көмектесті

Сурет: polisia.kz
Талдықорғанда 5514 әскери бөлімінің сарбаздары жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккендерге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 21 қазанда кешкі уақытта Орманов көшесінде болған. Chevrolet көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Әскери жасақ бастығы Мадияр Мақанов пен патрульші сарбаздар қатардағы Нұржігіт Әділханұлы, Айдын Еркінұлы және Тасқын Елеусізов аталмыш оқиғаға куә болды.

Ұландықтар уақыт жоғалтпай, бірден көмек көрсетті. Әскери жасақ бастығы дереу оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды.

"Біз дереу зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсете бастадық. Жедел жәрдем келгенге дейін бойжеткен есін жиды", - дейді әскери жасақ бастығы Мадияр Мақанов.

Ұландықтардың жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптарға жол берілмеді. Жедел жәрдем бригадасы келгенде әскерилер тұрғынды медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда