Жексенбіде елдің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, дауыл мен екпіні күшті жел соғады

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 27 қазанда еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, дауыл мен екпіні күшті жел соғатынын және тұман түсетінін болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде дауыл. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман. 

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні - 15-20 м/с. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды