Астанада мектептер маңындағы ағынды суларда есірткінің бар-жоғы тексерілді

Фото: Zakon.kz
Астанада алғаш рет ағынды суларда, яғни кәрізде есірткі мен психотроптық заттардың болуына зерттеу жүргізілді. Бұл туралы 2024 жылғы 31 қазанда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол зерттеу Бас прокуратурамен бірлескен жұмыс аясында жүргізілгенін атап өтті.

"Әлемдік тәжірибеде елді мекендердің ағынды суларындағы есірткі құрамының мониторингі, олардың қоғамдастықта қолдану деңгейін анықтау үшін пайдаланылады. 6 сынаманың 5-уінде мефедрон және басқа да есірткі түрлері табылды", — деді Талғат Уәли.

Ол осылайша қай мекеме маңында есірткі қолданылатынын анықтауға болатындығын атап өтті.

Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының директоры Руслан Сатыбалдиев зерттеу пилоттық режимде жүргізілгенін айтты. Жеке есірткі сынақтарынан айырмашылығы, жаңа әдіс қалада есірткінің таралуының үлкен көрінісін анықтап береді.

"Сынамалар үлкен нысандарда жүргізілді, соның ішінде мектептер де қатысты", — деп түсіндірді ол.

Бұған дейін Алматыда QR-код арқылы есірткіні жарнамалаған күдіктілер қамауға алынғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы