Қазақстанда синтетикалық есірткіге сараптама қанша уақытта жасалады

Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы синтетикалық есірткіні сараптау мерзімін бір тәулікке дейін қысқартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 қазанда өткен баспасөз мәслихатында Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, синтетикалық есірткіні сараптау жылдан жылға өсімдік тектес есірткіні зерттеуді ығыстырып келеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап синтетикалық есірткілерді анықтау бойынша сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін кезең-кезеңімен 30-дан 5 тәулікке дейін төмендету көзделген.

"Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығына 1 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін есірткі бойынша 1500-ге жуық сараптама тағайындалды, оның ішінде бір тәулікке дейінгі мерзімде 95%-дан астамы орындалды", — деді Талғат Уәли.

2024 жылдың маусым және тамыз айларында барлық сот сарапшыларына синтетикалық есірткіні зерттеу бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Барлық аумақтық бөлімшелер сараптамалар үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Бұған дейін Астанада мектептер маңындағы ағынды суларда есірткінің бар-жоғы тексерілгені белгілі болды. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: