Елордада ұрлыққа қатысы бар хостел әкімшісі анықталды

Фото: Zakon.kz
Белгілі болғандай, жәбірленуші елордаға жұмыс бабымен келіп, уақытша тұру үшін хостелде тоқтады.

Бөлмеде зергерлік бұйымдар салынған сөмкені қалдырып, ол уақытша кетіп қалған.

Әйелдің жоқтығын пайдаланып, хостел әкімшісі қосалқы кілт арқылы бөлмеге кіріп, сөмкеден құны 420 мың теңге тұратын алтын тізбекті ұрлап кеткен.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы хостел қызметкерін анықтады.

Ол ұрланған бұйымды ломбардқа өткізіп, алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды