Хабарламадан белгілі болғандай, жедел іздестіру шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы күрес бөлімі жүргізген.
"Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, "шариғат" нормаларын енгізуге бағытталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды. Топ мүшелері "Хизб-ут-Тахрир" шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған." Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған.
"Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр." Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни араздықты қоздыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
2024 жылғы 30 қазанда ҚР Ішкі істер министрлігі із-түзсіз жоғалып кеткен және іздеуде жүрген, қамауға алынған адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара жүргізгені белгілі болды. Екі күн ішінде іздеуде жүрген 280 қылмыскер анықталып, ұсталды.